Кубада азалы күн жарияланды

Кубада азалы күн жарияланды

Кубада азалы күн жарияланды
ашық дереккөзі
465
Куба үкіметінің өкімімен ел халқы кубалық революция көшбасшысы Фидель Кастроның қайтыс болуына байланысты тоғыз күн бойы аза тұтады, деп хабарлады Франс Пресс агенттігі. Аза тұту сенбіде басталып,  4 желтоқсанда аяқталады. Куба революциясының көшбасшысы жұма күні Фидель Кастро 90 жасында жергілікті уақыт 22.29-да өмірден озды. Бұл туралы оның інісі кубалық лидер Рауль Кастро мемлекеттік телеарна арқылы жария етті. Фидель — кубалық революционер, мемлекеттік және саяси қайраткер. 1926 жылы 13 тамызда дүниеге келген. 1976 жылдың желтоқсан айынан бастап, 30 жыл бойы Куба Мемлекеттік кеңесі мен Министрлер кеңесінің төрағасы болды. Сонымен бірге, Ф.Кастро Революциялық қарулы күштердің бас қолбасшысы және Ұлттық қорғаныс кеңесінің төрағасы  қызметін атқарған. Ол 2006 жылы 31 шілдеде денсаулығының сыр беруіне байланысты өз міндетін Мемлекеттік кеңес пен Министрлер кеңесінің басшысы қызметін өз інісі Рауль Кастроға тапсырды. Фидель Кастроның қайтыс болуына байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Куба Республикасы Мемлекеттік кеңесінің және Министрлер кеңесінің төрағасы Рауль Кастроға көңіл айту жеделхатын жолдады. Жеделхатта Қазақстан Президенті Куба революциясы көшбасшысының дүниеден өткені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген. «Қазақстан халқы командантэ Фидель Кастроны парасатты басшы, беделді саясаткер және екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға зор еңбек сіңірген тарихи тұлға ретінде есінде сақтайтын болады», - делінген көңіл айту жеделхатында. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан достық пейілдегі Куба Республикасының халқына көңіл айтты

Серіктес жаңалықтары