50257
Атыраудағы мектепте шұғыл сабақ тоқтатылды
Атыраудағы мектепте шұғыл сабақ тоқтатылды

Атыраудағы №16 мектептің электрондық поштасына білім ошағына бомба қойылғаны жөнінде хат келген деп хабарлады turkystan.kz.
Мектеп директоры Атырау облыстық Полиция департаментіне телефон шалған.
Хат 08:50 шамасында мектептің электрондық поштасына келген. Полицейлер мектеп оқушылары мен ұстаздарын, барлығы 1300 адамды эвакуациялады.
– Мектепте ешқандай жарылғыш заттың жоқ екені анықталды. Қазір хабарлама жіберген адамды анықтау жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.
Сабақ уақытша тоқтатылды.