50268
Украина мен Ресей атысты тоқтатты
Украина мен Ресей атысты тоқтатты

Украина мен Ресейдің қарулы күштері Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 13.00-ден бастап атысты тоқтату режимін жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
Сонымен бірге бейбіт тұрғындардың Мариуполь мен Вольноховадан шығуы үшін гуманитарлық дәліз ашты. Мариупольдан 200 мың адамды шығару жоспарланған. Олар қаладан Никольское - Розивка - Бильмак - Пологи - Орихив - Запорожье бағыты бойынша шығады. Ал Вольнохованы тастап кететін 15 мың адам Валерьяновка - Новоандреевка - Кириловка - Угледар - Покровск арқылы Запорожьеге барады.
Атысты тоқтатуға Қызыл крест халықаралық ұйымы кепілдік берді.