50561
Украина мен Ресей екінші келіссөзде қол алысты (ВИДЕО)
Украина мен Ресей екінші келіссөзде қол алысты (ВИДЕО)

Ресей мен Украина делегациясының екінші келіссөзі мәресіне жетті деп хабарлады turkystan.kz.
Кездесуде тараптар гуманитарлық дәліз ұйымдастыруға, сол себептен кейбір майданда әскери қақтығысты тоқтатуға келісті.
- Екінші кездесу біршама нәтиже берді. Енді жақын арада тағы кездесіп, мәселені талқылаймыз, - деді Украина Президенті кеңсесінің кеңесшісі Михаил Подоляк.Ресей Президентінің көмекшісі Владимир Мединский де келіссөзде кейбір мәселе бойынша ортақ шешімге келгенін айтты.
- Осы жолы халықаралық гуманитарлық мәселе, жанжалды саяси жағынан реттеу және әскери қақтығысты тоқтату жөнінде сөйлестік. Олар туралы жеке-жеке айтамыз. Жалпы, аяқалысымыз жаман емес, - деді ол.