Алматыда киім-кешек саудасы қызып тұр

Алматыда киім-кешек саудасы қызып тұр

Алматыда киім-кешек саудасы қызып тұр
ашық дереккөзі
1284

Қарапайым халық киім-кешекті көбіне базардан емес, қызмет сапасы жоғары ірі сауда орындарынан таңдағанды жөн санайды.

Осы ретте Алматы киім-кешек саудасында көш бастап тұр. Қазіргі таңда алматылықтардың 63 пайызы ойын-сауық орталықтарынан сауда жасайтын болып шықты. Ал жоспарсыз шоппинг жүргізуге шаһар тұрғындарын маусымдық және жаппай жеңілдіктер итермелейтін көрінеді. Киім-кешек саудасында табысы 300 мың теңге құрайтындар 60 мың теңгесін жұмсаса, студенттер мен үй шаруасындағы келіншектер 52 мың теңгесін сарп етеді. Nielsen  Kazakhstan компаниясы өткізген сауалнама мәліметтері бойынша табысы 100 мың теңге болатын алматылықтардың ірі сатып алуларының орташа чегі шамамен 30 мың теңге көлемінде.  Айына 100 мың теңге мен 175 мың теңге аралығында табыс табатын алматылықтар киім-кешекке 40 мың теңгеден артық ақша жұмсайды, 300 мың теңге табатындар жаңа киімге 60 мың теңге жұмсайды. Бұл ретте, үй шаруашысындағы әйелдер мен студенттер олардың орташа чектері 50 мың теңгеден асатындығын айтады. Орташа есеппен алғанда ерлер костюмінің құны 33 000 теңге, шалбар мен джинсілер — 11 500 теңге, жейделер мен блузкалар — 7 000 теңге, туфли — 16 500 теңге, көйлектер — 17 000 теңге, юбкалар — 8 000 теңгені құрап отыр.  «Адам көркі шүберек» дегенді жадында ұстайтын Алматылық қауым алған жалақысының 50 пайызын киім-кешекке жұмсайтын болып отыр.

Серіктес жаңалықтары