50327
«Беларусь арнайы операцияға қатысып жатқан жоқ» - Александр Лукашенко
«Беларусь арнайы операцияға қатысып жатқан жоқ» - Александр Лукашенко

Бұл туралы Беларусь басшысы Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерімен кездесуде айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазір операция Қырым, Донецк, Лугансктен Киев, Чернигов, Харьков бағыттарында болып жатыр. Біздің ел Украинадағы арнайы операцияға қатысуды жоспарлап отырған жоқ және қатыспайды да. Бізге ондай қажеттілік жоқ», - деді ол.Ал халықаралық қауымдастық Беларусьтің Ресейдің қарулы күштеріне Украинаға өз аумағынан өтуін қамтамасыз етудің өзі соғыс қимылдарына араласу деп бағалап жатыр.