Ресейдке келген 5 тонна тауық еті сатылымнан алынды

Ресейдке келген 5 тонна тауық еті сатылымнан алынды

Ресейдке келген  5 тонна тауық еті сатылымнан алынды
ашық дереккөзі
250

Таяуда Ұлттық экономика министрлігінің тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің баспасөз қызметі Қазақсанда өнімнің қауіпсіздік нормаларына сәйкес келмейтін, Ресейде өндірілген 5 тонна тауық еті сатылымнан алынғандығы туралы мәлімдеме жасады.

«Комитет мамандары осы жылдың 2 наурызынан бастап зертханалық зертеуге азық-түлік өнімдерінің 823 сынамасын іріктеп алды, нәтижесінде 231 сынама техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталған. 27 наурызға дейінгі жағдай бойынша ресейлік өндірушілердің 4 тонна 941 кг құс өнімі сатылымнан алынып, жеткізушілерге қайтарылған. Өндірушілердің қатарында «Майкопский Птицекомбинат» ЖАҚ, «Уралбройлер» ЖАҚ, «Даль-Кама1″ ЖШҚ, «Курский Агрохолдинг» ЖАҚ, «Сибирская» құс фабрикасы, «Белгранкорм» ЖШҚ бар», — делінген мекеме таратқан хабарламада. Кінәрат шыққан өнім түрі республиканың ірі кәсіпорындарында яғни, Астанадағы Green Mart және Magnum супермаркеттері, Атырау облысындағы «Рамстор» мен «Идеал Маркет», Ақтөбе облысындағы «Анвар», Солтүстік Қазақстан облысындағы «Көктөбе» және «Семейный» сауда орталықтарыда саудаланғандығы анықталып отыр. Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті сауда орындарында құс етінің ветеринарлық сертификатары болғандықтан сатылымға шығарылғандығын анықтап отыр. Заң жүзінде бекітілген талаптар ескерілмей берілген сертификатар заңсыз жолмен алынуы мүмкін. Орйын алған олқылықтан кейін комитет аймақтық бөлімшелеріне құс өнімінің тиісті мониторингін өткізуді тапсырды. Сауда кәсіпорындарының жетекшілеріне заңнама талаптарының бұзылуын жою туралы 43 нұсқама беріліп, әкімшілік айыппұлдарды салу туралы қаулылар қабылданған.

Серіктес жаңалықтары