Ақын Есенқұл Жақыпбековты еске алды

Ақын Есенқұл Жақыпбековты еске алды

Ақын Есенқұл Жақыпбековты еске алды
ашық дереккөзі
492
Артына өшпес мұра қалдырған, бір қазақтың емес, бар қазақтың ұлына айналған дара ақынды ардақ­тауды, мол мұрасын жас­тарға насихат­тауды мақ­сат тұтқан кешке өнер­дегі қаламдас достары, шәкірт­­тері, ақынның өмір­лік жары Мең­сұлу Сұл­танқызы, елімізге белгілі айтыскер ақындар, эстрада ән­шілері, арулар орда­сының өнер­паз жастары, сонымен қатар, тұлғаның туған жері – Алматы облысы, Жамбыл ауданынан құрметті қонақтар келіп қатысты. Кешті Қазақ Мем­ле­­кет­тік қыздар педа­го­гикалық универ­ситетінің рек­торы Динар Нөкетаева аш­ты. «Есенқұл Жақып­беков – халқы­мыз­дың ұлттық әдебиеті мен мәде­­ниетінің мәртебесін биік­­тет­кен, ақын­дық өнер­дің көрнекті өкілі, бірі емес, бірегейі. Есаға­мыз – ақын­дық өнерімен бір­ге, айтыс өнерін қатар тіз­­гін­­деген жан. Ол –  жыр алыптары Сүйінбай мен Жамбылдың ізін жал­ғап, өнерін өрістеткен суы­рып­салма айтыскер, қазақ поэзиясында өзіндік қолтаң­басы қалыптасқан талантты ақын­дар­дың қатарынан ойып тұрып орын алған айтулы тұлға. Оның халық арасындағы асыл қазынасы, артына қал­дырған мұрасы – мәң­гі өлмейтін мөлдір жыр­­­лар», деп атап өт­кен Д.Нөкетаева кеш­тің құр­метті қонағы, ақын­­ның жары Меңсұлу Сұл­тан­қызына қазақы дәс­түрмен сый-сыяпат көр­­сетіп, ақ орамал мен оқалы кам­зол кигізді және гүл шоғын табыс етті. Ақтаңгер жанның шы­ғар­ма­шы­лығына ар­нал­ған кеште жүрек­жар­ды жырлары оқылып, ақын сөздеріне жазылған «Қара күз», «Алдай-ау», «Біздің елдің жігіт­тері», «Аққуым», «Сен ұмыт­па», «Сен жалынсың», «Есіл дүние», «Тұманды күн», «Өмір өтті-ау зыр­ғып ағып» әндері әуе­ле­­те шыр­қалды. Халық жадын­да сақталған жауһар ән­дерімен қатар кеште ақын­ның «Қаныбек» тер­месі, «Барады өтіп келте өмір» толғауы орын­дал­ды. Универ­си­тетінің мәдени-тыны­ғу жұмысы маманды­ғы­ның студенттері «Ақын өлең­дері­нен компози­ция» атты театрлан­дырыл­ған қойылым көрсетіп, ақын өлең­дерін сөйлетсе, ұс­таз­дарын сағынышпен еске алған шәкірттері «Ұстазыма», «Қош, Есаға!» атты арнау өлең­дерін оқы­ды. Ақын өмірі мен шы­ғар­машы­лы­ғынан сыр шер­­те­тін бейне­фильм көрсетілді.

Серіктес жаңалықтары