«Қазақстанда жасалған» брендін басқару агенттігі құрылды

«Қазақстанда жасалған» брендін басқару агенттігі құрылды

«Қазақстанда жасалған» брендін басқару агенттігі құрылды
ашық дереккөзі
932
Елімізде «Қазақстанда жасалған» брендін басқару агенттігі құрылды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау жүйесі федерациясының президенті Римма Тәжібаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жаңа агенттіктің аясында «ЭКСПО-2017» көрмесіне арнап, «Халық маркасы» 100 ұлттық брендті құру жобасы жүзеге асырылады. Аталмыш жобаға танымал әртістер, спортшылар мен депутаттар да қатыспақ. Жаңа 100 ұлттық бренд тамақ өнеркәсібі, жиһаз, үй қажеттіліктері, киім-кешек және аяқ киім салаларында пайда болады деп күтілуде. Олардың барлығы Астанадағы «ЭКСПО» халықаралық көрмесінде ұсынылады. «Агенттікті құру менің өзімнің бастамам. Ешқандай мемлекеттік орган оған қаржы салып отырған жоқ. Мен бұның алдында «ЭКСПО» алаңында жұмыс жасадым және мұндай шаралардың ел үшін қандай пайда әкелетінін білемін. Мен ЭКСПО-дан кетіп, өзімнің жобамды аштым. Екі жыл бұрын қолға алынған  бұл жоба қазір сәтті жүзеге асырылуда. Алғаш қадамымды бастағанда менде тек идея ғана бар болатын. Жеке қаражаттарым болған жоқ. Қазір екі жылдың ішінде қазақстандық брендтерді ұйымдастыру арқылы оларды дамытып қана қоймай, қаржылық тұрғыда да жетістіктерге жеттім», — дейді федерация президенті.

Серіктес жаңалықтары