жексенбі, 20 сәуір, 2025

Еліміздің кейбір өңірінде үш күн боран болады

Еліміздің кейбір өңірінде үш күн боран болады
ашық дереккөзі
Еліміздің кейбір өңірінде үш күн боран болады Қазгидромет бірқатар өңірге қатысты дабылды ескерту жариялады. «Астана қаласы бойынша 23 күндіз, 24-25 қарашада тәулік бойы қар, бұрқасын, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді деп күтілуде. 23 қарашада Ақмола облысында кей жерлерде қар, бұрқасын, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді деп күтілуде. 24-25 қарашада Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында қар, кей жерлерде қатты бұрқасын күтілуде. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге, батыстан соққан желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді деп күтілуде», - делінген хабарламада.
Бөлісу: