50255
«Парагвайда қайтыс болған бизнесменнің Қазақстанға қатысы жоқ» – министрлік
«Парагвайда қайтыс болған бизнесменнің Қазақстанға қатысы жоқ» – министрлік

Сыртқы істер министрлігі Парагвайда қайтыс болған кәсіпкерге қатысты түсінік берді деп жазды turkystan.kz.
«Құрметті достар, осымен екінші күн БАҚ-та Парагвайда қазақстандық бизнесменнің мүшеленіп, өлтірілгені туралы ақпарат тарап жатыр. Осыған орай, өлген адамның Қазақстанның азаматы емес екенін айтқымыз келеді. Ол Кеңес Одағы кезінде, яғни ҚазКСР заманында туып, 80-жылдары елімізден кеткен болуы керек. Сондықтан ол кісіні қазақстандық бизнесмен деп айту дұрыс емес. Оның үстіне қазақстандық азамат та емес», - деп хабарлады министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров.Сыртқы істер министрлігінің ақпаратына сәйкес, марқұмның ресейлік төлқұжаты болған. «Марқұм болған адам – Қазақстан азаматы» деген ақпаратты ресейлік БАҚ өкілдері таратқан болатын. Дегенмен, тілшілер мәселенің анық-қанығына жетпеген сыңайлы. Сондықтан бұған дейін тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Тағы оқи отырыңыз: Парагвайда қазақстандықтың бөлшектелген денесі табылды