Парагвайда қазақстандықтың бөлшектелген денесі табылды

Парагвайда қазақстандықтың бөлшектелген денесі табылды

Парагвайда қазақстандықтың бөлшектелген денесі табылды
ашық дереккөзі
Парагвайда Қазақстан азаматының бөлшектелген мәйіті табылды. Қылмысқа қатысы болуы мүмкін екі боливиялық азамат ұсталды деп хабарлады turkystan.kz. Прокуратураның хабарлауынша, боливиялықтар Парагвайға жәбірленушінің қарызын өтеуге келген.
«Адам сүйектерінің қалдықтары салынған екі сөмке табылды. Бұл Қазақстан азаматының дене бөлшектері екені белгілі болды», - деді прокурор Парагвайдың «Монументаль» радиосына берген сұхбатында.
Өлер алдында жәбірленушіні қатты соққыға жыққан. Бір соққыдан оның жақ сүйегі сынған деп қосты прокурор. Қазір патологоанатомдар адам денесінің өлгенге дейін немесе өлтірілгеннен кейін бөлшектелгенін анықтауда. Белгілі болғандай, олар марқұм тұрған үйдің бөлмелерін жалға алған.