«Жарты жылға жуық дәрігерлер мен медбикелердің қарауында болған балақай балалар үйіне тапсырылды. Оның дені сау. Әкесі болуы мүмкін деген азамат сотқа арызданды. Қазір сот шешімін күтіп отырмыз», - деп мәлімдеді Жанна Таирова.Біз бұған дейін 2 жасар баланың былтырғы қыркүйектен бастап Алматы ауруханаларының бірінде жатқанын жазған болатынбыз. Баланың ата-анасы оны ауруханадан алып кетпеген.
Ауруханада жарты жыл жатқан 2 жасар бүлдіршін балалар үйіне ауыстырылды

Ауруханада жарты жыл жатқан 2 жасар бүлдіршін балалар үйіне ауыстырылды
Алматы қаласы Білім басқармасының қорғаншылық орган өкілдері ауруханада жатқан 2 жасар баланың қазіргі жағдайы туралы айтты деп жазды turkystan.kz.
Білім басқармасының қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің басшысы Жанна Таированың айтуынша, бүлдіршін №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасынан сол қаладағы балалар үйінің біріне ауыстырылған.