Ауруханада жарты жыл жатқан 2 жасар баланың әжесі табылды

Ауруханада жарты жыл жатқан 2 жасар баланың әжесі табылды

Ауруханада жарты жыл жатқан 2 жасар баланың әжесі табылды
ашық дереккөзі
Алматы қаласында ауруханада көптен бері ата-анасын күтіп жүрген Тәңірбергеннің әжесі табылды. Бұл туралы Жамбыл облыстық Полиция департаменті хабарлады, деп жазды turkystan.kz Almaty.tv-ға сілтеме жасап. Телеарна тілшісінің мәліметінше, полицейлер баланы былтыр күзде тауып, оны қалалық №2 балалар аурухасына алып барған. Тәңірберген осы уақытқа дейін дәрігерлердің қамқорлығында болды. Дені сау бала ата-анасы хабарсыз кеткен соң 5 айдан бері ауруханада жүр.
«Біз бұл балаға бауыр басып қалдық. Алғаш келгенде қылықтары болса, қазір тілі шығып келе жатыр. Әрқайсымызды атымыздан танып, келгенде қуанады. «Мама, папа» деп сөйлейді. Денсаулығы жақсы, тамақты жақсы ішеді», – деді №2 қалалық балалар ауруханасының педагог тәрбиешісі Гүлайым Әкірәмханова.
Аурухананың заңгері Рүстем Балтабаевтың айтуынша, былтырғы жылдың 22 қыркүйегінде ауруханаға кішкентай бүлдіршін келіп түскен. Бастапқыда баланың әкесі Мейірбек Тілепбаев келіп, оны балалар үйіне өткізбеуін өтініп, құжаттарын әкелемін деп уәде берген. Содан ізім-ғайым жоқ болған.
«Біз ертең баланың жеке басын растайтын құжаттарды рәсімдейміз. Осы уақытқа дейін бұл баланың бірде-бір құжаты болмаған. Тіпті, ата-анасы туу туралы куәлік те жасамаған. Сонымен қатар, баланы басқа қолайлы жерге көшіру туралы шешім қабылдап жатырмыз. Тиісті талапқа сай «Әділ» деген қор осы жауапкершілікті өзіне алып отыр», – деді Полиция департаменті бастығының тергеу жұмыстары бойынша орынбасары Рустам Әбдірахманов.
Телеарна тілшісі мен Полиция департаментінің өкілдері ұзақ уақыт бойы ата-анасының қарауынсыз қалған баланың әжесі табылғанын растады.