Елбасы: "Судьяларды көбейттік, бірақ нәтиже ойдағыдай емес"

Елбасы: "Судьяларды көбейттік, бірақ нәтиже ойдағыдай емес"

Елбасы: "Судьяларды көбейттік, бірақ нәтиже ойдағыдай емес"
ашық дереккөзі
157
VII Судьялар съезінде сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев судьялардың әділдігі туралы айтып, олар халықтың көңілінен шығу керектігін де атап өтті. – Судья  статистикалық көрсеткіштердің құрбаны болмау керек. Ол заң аясында әділ шеңбер қабылдау арқылы халықтың көңілінен шығуы керек, — деген Елбасы судьяларды қоғамның ғана емес, мемлекеттің айнасына теңеді. – Судьяның әрбір сөзі мен іс-әрекеті адам тағдырын шешуде өте-мөте маңызы жоғары. Ендеше, судьялардың жауапкершілігі орасан зор. Бір құмалақтың бір қарын майды шірітетіні сияқты, бір судьяның шалыс қадам басуы тұтас мемлекеттің имиджін түсіріп, қасықтап жиған абыройды шелектеп төгуі мүмкін. Демек, кінәлінің жазасын беріп, тараптарды татуластыруда еліміздегі судьялардың сөзі мығым, ісі тиянақты болуы тиіс, – деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Сонымен қатар Елбасы осы күнге дейін судьялар санын арттыру еш нәтиже бермегендіктен, судьяларды дайындау бағдарламасының баяуламауы керектігін айтты. – Менің тікелей тапсырмаммен 400-ден астам ауданаралық деңгейдегі судьялардың санын 450-ден асырдық, орталық аппараттағы адамдарды 540-қа көбейттік. Бірақ, олар тиісті нәтижелер көрсетпей жатыр. Осы мәселені қайта қарастыруымыз керек. Сонымен қатар, сот қызметі үшін төленетін мемлекеттік баж төлеміне де өзгерістер енгіздік. Екіұшты дауласушы тараптардың санын қысқартуы керек еді. Сондықтан да біз «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының тармақтарында көрсетілген міндеттер бойынша жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруымыз керек. Сонымен қатар, судьяларды даярлап шығару бағдарламасын баяулатпағанымыз жөн», – деді Н. Назарбаев.

Серіктес жаңалықтары