346
Қостанай облысы 25 жылда 106 млн тонна астық өндірді
Қостанай облысы 25 жылда 106 млн тонна астық өндірді
Қостанай диқандары Тәуелсіздік алған жылдан бері 106 миллион тонна астық өндірді. Оның 40 миллион тоннадан астамы экспортталды. Бұл туралы Қостанай облысында ауылшаруашылығы күніне орай өткізілген жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов айтты. Облыста қамбаға 5,6 миллион тонна астық құйылды, орташа гектар айналымы 13,3 центнерден келді. Республика ойынша өндірілген астықтың төрттен бірі Қостанай облысының үлесіне тиеді.
Үстіміздегі жылы облыста өндірілген барлық астықтың бір миллион тоннасын тек Қарасу ауданы диқандары жинады. Сонымен қатар Федоров ауданы алқаптарында бидай гектарына 16,3 центнерден келсе, Қарабалық, Сарыкөл, Ұзынкөл аудандарында бұл көрсеткіш 15 центнерден асып жығылды. Жеке шаруашылықтар да рекордтық көрсеткіштерге жетті. Мысалы, Меңдіғара ауданындағы Ольга Якимова жетекшілік ететін «Якимов» шаруашылығында гектар айналымы 26 центнерден келсе, Сарыкөл ауданындағы Баймырза Сатаевтың «Сатаев» шаруа қожалығы гектарынан 25 центнерден алтын астық жинады.
Ауылшаруашылығы қызметкерлерін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мерекелерімен құттықтап, еңбек ерлері мен адагерлерді «Еңбек ардагері», «Құрметті ардагер», «Қостанай облысына 80 жыл» медальдерімен және «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төс белгісімен марапаттады.