255
Меркель тағы да Германия канцлері бола ма?
Меркель тағы да Германия канцлері бола ма?
Ангела Меркель 20 қараша күні кешке Германия канцлері қызметіне төртінші мәрте үміткер болатынын жариялады. Осындай мәлімдеме жасау үшін Меркель Берлинде баспасөз мәслихатын жинады.
Болашақ бундестаг сайлауларын Меркель "Германия қосылғалы бері ең күрделі" науқан ретінде сипаттады. Ол дұрыс шешім қабылдағанын айтып, күрделі кезеңді елімен бірге еңсеруге дайын екенін білдірді.
Германияда парламент сайлауы келесі жылғы жаздың аяғында немесе күзде өтеді. Сайлау нәтижесінде канцлердің кім болатыны анықталады. Меркель бұл қызметте 2005 жылдан бері отыр.