Осыдан екі күн бұрын Шымкент қаласындағы қоқыс контейнерлерінің бірінен әйелдің жансыз денесі табылған болатын. Полиция күдіктіні ұстады, деп жазды turkystan.kz. Қалалық Полиция департаменті хабарлағандай, аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Іздестіру шараларының барысында 1970 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды. Ол өз кінәсін толық мойындады. Тергеу тобы құрылып, тиісті сараптамалар тағайындалды», - делінген ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.Ведомство қазіргі уақытта қылмыстық іс тергеу сатысында екенін атап өтті. Тағы оқи отырыңыз: Шымкентте қоқыс жәшігінен әйелдің мүрдесі табылды.