«Қайда екенін білмеймін»: Мақпал Исабекова жеке өмірі туралы сұрақтарға жауап берді

Мақпал Исабекова Instagram парақшасында өзіне келіп түскен сан түрлі сұрақтарға жауап берді.

«Қайда екенін білмеймін»: Мақпал Исабекова жеке өмірі туралы сұрақтарға жауап берді
kyzylorda-news.kz
1683

Әнші Мақпал Исабекова желіде жеке өмірі жайлы сыр шертті, деп хабарлады turkystan.kz.

Мақпал Исабекова Instagram парақшасында өзіне келіп түскен сан түрлі сұрақтарға жауап берді. Эстрада жұлдызы бүгінде қасында арқа сүйер азаматы жоқ екенін ашық айтты.

«Менің күйеуіме қатысты сұрақтар көп. «Қайда? Көрсет», «Ажырастың ба» деген сұрақтар келіп жатыр. Оны қайтесіздер? Біреудің күйеуін не істейін деп едіңіздер? «Бар ма? Жоқ па?» деген сұрақ талай рет қойылды. Бірнеше рет жауап та бердім. Оны бұрын көрмегендей айтасыздар. Оның қайда екенін білмеймін. Біз бірге тұрмаймыз», – деді әнші.

Серіктес жаңалықтары