сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Танымал әнші 21 отбасыға баспана сыйлауға ниетті екенін айтты

You tube/скриншот
Ол 8 сәуірде басталатын алғашқы ән сапарын ерекше етіп өткізуді ойлаған.

Мазмұны

    Кalifarniya деген лақап атпен танымал эстрада әншісі Фархат Қалиев 21 қалада өтетін қаладағы ән кешінде 21 отбасыға үй сыйлағысы келетінін мәлім етті. Өнер иес бұл туралы ХабарLike бағдарламасында айтып берді.

    Әншінің айтуынша, ол 8 сәуірде басталатын алғашқы ән сапарын ерекше етіп өткізуді ойлаған. 

    Бұл менің ең ауқымды гастрольдік сапарын болғалы тұр. Бұйырса, еліміздің 21 қаласын аралауды жоспарлап отырмын. Мен әр ән кешімде халықпен тығыз байланыс орнатқанды жақсы көремін. Сол себепті, әр қаладағы тыңдармандарыма тосын сый жасағым келді.

    Бұл – келіншегім Әнелдің идеясы. Басында «қалай болар екен?» деген ой да, жүрексіну де болды. Бірақ Алла қолдап, тыңдармандарым демеп, бұл ниетімізге жетеміз деп ойлаймын, - деді ол. 

    Бөлісу: