Шымкентте қоқыс жәшігінен әйелдің мүрдесі табылды

Шымкентте қоқыс жәшігінен әйелдің мүрдесі табылды

Шымкентте қоқыс жәшігінен әйелдің мүрдесі табылды
ашық дереккөзі
Шымкентте қоқыс контейнерінен әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлады turkystan.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап. Жангелдин көшесіндегі қоқыс контейнерінің жанынан өтіп бара жатқан адам полицияға хабар берген. Мәйіт көрпеге оралып, үлкен сөмкеге салынған. Полиция әйелдің шамамен 35 жаста екенін анықтады. Оның жанында ешбір құжат болмаған. Әйелдің денесінде соққының іздері бар. Қазір аталған фактіге қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.