«Бірақ сол қаржының жұмсалуы, яғни, кеңселер мен көліктерді ұстау, сыйақылар мен бонустар қалай бөлінеді – мұның барлығы қоғамға да, Парламентке де жұмбақ. Дәл осы жерде жүйелі бұзушылық орын алып, жемқорлық тамыр жаюда. Сондай-ақ олар мемлекет есебінен еш шектеусіз баю көзіне айналған. «Самұрық-Қазына» былай тұрсын, «Бәйтерек» қоры және министрліктер мен әкімдіктердің маңайына үймелеген «СК-Фармация» қоры, «Парасат» холдингі, «СПК» сияқты қаптаған РМК, АҚ және ЖШС-лерден аяқ алып жүру мүмкін емес», - деді депутат.Сонымен қатар, Берік Дүйсенбинов бұл ұлттық компаниялардың қандай табыс тауып және оны қалай ұстайтындарын да ешкім білмейтінін алға тартты.
«Мемлекеттен ақша алатын компаниялар қоғам үшін ашық болуы қажет» – депутат

«Мемлекеттен ақша алатын компаниялар қоғам үшін ашық болуы қажет» – депутат
Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Дүйсенбинов Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, мемлекеттен қайта-қайта қаржы сұрайтын ұлттық компанияларды жабуды талап етті, деп жазды turkystan.kz.
Берік Дүйсенбинов квазимемлекеттік кәсіпорындардың жарғылық капиталы мен шығындары мемлекеттік бюджеттің миллиардтаған сомасынан құралып, тұрақты толықтырылып тұратынын атап өтті.