Желіде ағайынды Сабырхандарды әкесі қамшымен қуған видео тарады

/
Желіде ағайынды Сабырхандарды әкесі қамшымен қуған видео тарады

Боксшы Махмұд пен Төрехан Сабырханның әкесі ұлдарын ерекше тәсілмен жаттықтырып жүрген сәт бейнеленген видео желіде тарап жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Sportinside.kz сайты екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан мен 70 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанған Төрехан Сабырханның жаттығу видеосын жариялады.   

Видеодан олардың әкесі жаттығу кезінде екі қамшы ұстап, ұлдарын қуа бастағаны көрінеді. Ал Төрехан мен Махмұд бұл сәтті күліп, әзілмен қабылдап, әкесінен қашып-пысып жүреді.

Бұл көрініс желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көпшілігі оны "ерекше мотивациялық жаттығу" деп бағалады.

Еске сала кетейік, Төрехан Сабырхан биыл алғаш рет Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетіп, Ливерпульде (Англия) өткен әлем чемпионатында алтын медаль иеленді. Финалда ол 2021 жылғы әлем чемпионы, жапон боксшысы Севон Окадзаваны 3:2 есебімен жеңді.

Ал оның ағасы Махмұд Сабырхан биыл өз мансабындағы екінші әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Сол Ливерпульде өткен жарыста ол финалда испандық Рафаэль Лосано Серранодан басым түсіп, кезекті алтын жүлдесін иеленді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары