Ақмола облысында астықты терең өңдеу жобасын іске асыру жөніндегі келісімге қол қойылды

/
Ақмола облысында астықты терең өңдеу жобасын іске асыру жөніндегі келісімге қол қойылды

Қазақстандық жаһандық инвестициялар жөніндегі дөңгелек үстел (KGIR-2025) аясында Ақмола облысында астықты терең өңдеу бойынша ірі инвестициялық жобаны іске асыруға арналған стратегиялық негіздемелік келісімге қол қойылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құжатқа Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен қытайлық Hopefull Grain & Oil Group компаниясының директорлар кеңесініңтөрағасы мырза Ши Кэжун қол қойды.

Жобаның жалпы инвестиция көлемі 1,5 миллиард АҚШ долларын құрайды.

Жоба екі кезеңнен тұрады - экологиялықтаза энергия өндіретін жылу электр орталығын(ЖЭО) салу, ол зауытты тұрақты энергияменқамтамасыз етіп, Астананың серпінді дамыпкеле жатқан агломерациясы үшінинфрақұрылымдық негіз қалыптастырады; заманауи, экологиялық таза технологиялардықолдана отырып, қоршаған ортаға минималдыәсер ететін астықты терең өңдейтін жоғарытехнологиялық зауыттың құрылысын салу.

Зауыт жоғары қосылған құны бар өнімдер — лимон қышқылы, глюкоза-фруктоза шәрбаты, биоэтанол, жемдік және ақуызконцентраттарын өндіретін болады.

«Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасыбойынша облыста жүзеге асырылып жатқанастықты терең өңдеудің екінші жобасы. Ол жоғары қосылған құны бар өнім өндіруге жәнеөңірдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуғамүмкіндік береді», — деді облыс әкімі Марат Ахметжанов.

Жобаны іске асыру өңірдің өнеркәсіптікжәне агроөнеркәсіптік дамуының драйверінеайналып, Қазақстанның экспорттық әлеуетінарттыруға, жүздеген жаңа жұмыс орнын ашуғажәне елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуғаықпал етеді.

Негізгі өндірістен бөлек, Hopefull Grain & Oil Group қажетті энергетикалық, көлік жәнеинженерлік инфрақұрылымы бар индустриялықпарк құруды жоспарлап отыр. Бұл өңірге қайтаөңдеу және логистикалық компаниялардытартып, жаңа өндірістік кластер қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Аталған келісім — «Aqmola Invest» инвестиция тарту орталығының жәнеҚазақстан мен шетелдік инвесторларарасындағы ынтымақтастықты нығайтубағытындағы жүйелі жұмысының нәтижесі.

Жоба стратегиялық инвестициялардысүйемелдеудің бірыңғай үйлестірушісі болыптабылатын «Kazakh Invest» ұлттықкомпаниясының қолдауымен іске асырылуда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары