«Былтыр бұл көрсеткіш 5,7 миллиард долларға жетті. Мұндай үлкен айырмашылық қалай пайда болғанын ешкім түсіндіріп бере алмайды. Ашығын айтқанда, бұл – контрабанда. Келеңсіздіктің бар екенін кәсіпкерлер де растап отыр. Сауалнамаға қарасақ, шет елмен сауда жасайтын адамдардың 90 пайызы жемқорлықпен бетпе-бет келген. Оның ішінде 45 пайызы кеденшілерге пара беруге мәжбүр болған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шығыс Қазақстан облысындағы 3 көліктік бақылау бекетін жемқорлық әбден жайлағанын анықтады. Елімізде мұндай 49 бекет бар. Кеден және көліктік бақылау саласындағы парақорлық транзиттік әлеуетімізді толық пайдалануға мүмкіндік бермей отыр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Кәсіпкерлердің 45 пайызы кеденшілерге пара беруге мәжбүр болған» – Тоқаев

«Кәсіпкерлердің 45 пайызы кеденшілерге пара беруге мәжбүр болған» – Тоқаев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте салық және кеден саласындағы жемқорлықты жою мәселелеріне де арнайы тоқталып өтті, деп жазды turkystan.kz.
Соның ішінде Қазақстан мен Қытайдың өзара сауда-саттық туралы статистикалық мәліметтерінің екі түрлі екенін, олардың арасында миллиардтаған доллар айырмашылық бар екенін айтты.