Қазақ ғалымының еңбегі Германияда жарық көрді

Қазақ ғалымының еңбегі Германияда жарық көрді

Қазақ ғалымының еңбегі Германияда жарық көрді
ашық дереккөзі
50554
Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының зерттеуші-профессоры  Нұрлан Кенжеахметтің «Eurasian Historical Geography as Reflected in Geographical Literature and in Maps from the 13th to the Mid-17th Centuries» деп аталатын монографиясы Германияда жарық көрді. Ғалымның "Еуразия тарихи географиясының XIII – XVII ғғ. ортасындағы географиялық әдебиеттер мен карталарда көрініс табуы" тақырыбындағы еңбегі әзірге қазақ тіліне аударылған жоқ. Автор  тарихты географиялық карталардағы мәліметтерге сүйене отырып зерттейтін, әлемге танылған ғалым. Бір кездері түркі тарихындағы Еуразия кеңістігінің көне карталар мен ортағасырлық деректер негізінде сараланған бұл орасан зор еңбек Германияда басылып, дүние жүзі ғалымдарының арасында үлкен сенсация жасайтынына сенеміз. Бұл - тарихи картография мен географиялық топонимиканы тарих тұрғысында қолданбалы зерттеулермен ұштастыру тәжірибесі, ол отандық ғалымдардың ғылыми қызметінің басты бағытына айналды. Жақында университетімізде «Орта Азиядағы ежелгі түркі дәуіріндегі (VI-XIII ғғ.) топонимикалық мәліметтерді зерттеудің қазіргі әлемдік геосаяси жүйедегі тарихи-географиялық маңызы және аспектілері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Ғылыми жобаға жетекшілік жасаған Нұрлан Кенжеахметпен ғылыми зерттеулерді бірлесіп орындаған жас зерттеушілеріміз үлкен ғылыми тағылым алғанын айрықша атап өткіміз келеді. Мыңдаған оқырман осы орасан еңбектің қазақ тіліндегі нұсқасын тағатсыздана күтетініне және бұл іргелі туынды тарих, география саласындағы зерттеушілер үшін құнды дереккөзге айналатынына сенімдіміз!

Серіктес жаңалықтары