Қазақстан әскеріне жаңа үлгідегі арнайы техникалар берілді

Қазақстан әскеріне жаңа үлгідегі арнайы техникалар берілді

Қазақстан әскеріне жаңа үлгідегі арнайы техникалар берілді
ашық дереккөзі
50187
Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлерінің жарақ құрамына биологиялық барлау машиналарының заманауи кешендері табысталды, деп хабарлады turkystan.kz. «Отандық «ОТС NETWORK» компаниясы биологиялық барлау кешендерін әзірлеп шығарды. Олар әскерлердің қажеттіліктеріне қарай зияткерлік ақпараттық технологияларды қолдана отырып жобаланды» деп жазылған Қорғаныс министрлігінің хабарламасында. Биологиялық сипаттағы төтенше жағдай аумағындағы арнайы техника патогендерді анықтау және оларды шұғыл талдау үшін зертхана құралдарымен, жедел түсірілім жүргізуге қажетті шолу бейнекамерасымен жабдықталған. Көліктегі GPS/Глонасс терминалы биологиялық зақымдау аймақтарының деректерін тіркеу және жерсеріктік байланыс жүйесі арқылы мәліметтерді жедел беру мүмкіндігіне ие.

Серіктес жаңалықтары