50394
Елде қылмыс азаймай тұр
Елде қылмыс азаймай тұр

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі өткен аптада тіркелген қылмыс санын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
«Бір апта ішінде 2580 қылмыс жасалды. Оның 1754-і тәулік ішінде ашылды», - деді ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.Оның мәліметіне сенсек, полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 2 кісі өлтіру, 4 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, 31 тонау және 395 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашқан.