«Қазақстан халқына» қоры тағы 40,8 млрд теңгемен толықты

«Қазақстан халқына» қоры тағы 40,8 млрд теңгемен толықты
Қоғамдық әлеуметтік қордың таратқан дерегіне сүйенсек, 16-28 қаңтар аралығында қор шоттарына 93,3 миллиард теңге аударылған, деп жазды turkystan.kz.
28 қаңтарда «Қазақстан халқына» қоры шоттарына қаражат аударғандар:
«ERG КӨМЕК» корпоративті қоры – 30 миллиард теңге;
«Халық» қайырымдылық қоры – 10 миллиард теңге;
Сүлейменов Диас Төлеутайұлы – 450 миллион теңге;
«Банк Центр Кредит» АҚ – 200 миллион теңге;
«Көліктік сервис орталығы» АҚ – 150 миллион теңге.
Қор басшылығы алынған барлық қаражаттың толық ашықтығы мен есептілігі қамтамасыз етілетінін мәлімдейді. Ақша Қазақстан халқының игілігіне, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім, мәдениет және спорт проблемаларын шешуге бағытталады.