«Қарттардың сиқы осы болса...»: тойдың «сәнін келтірген» әйел сынға ұшырады (ВИДЕО)

«Қарттардың сиқы осы болса...»: тойдың «сәнін келтірген» әйел сынға ұшырады (ВИДЕО)

«Қарттардың сиқы осы болса...»: тойдың «сәнін келтірген» әйел сынға ұшырады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50756
Желі қолданушылары тойдағы «алпысты алқымдап, жетпісті желкелеп қалған» ересек ер мен әйелдің елден ерек биінің видеосын талқылап жатыр, деп хабарлады turkystan.kz. Әсіресе, «заманауи әженің» жастарша жұлқынып билеуі көпшілікке жақпай қалған.
«Ішіне жын кірген бе? Немерелерінің алдында қандай тәрбие мынау?», «Ер адамға жарасады, ал әйел үшін тым дөрекі би», «Бұл – өте ұят! Олар енді жас емес, қаншалықты көңілді болса да, мәдениетті сақтау керек», «Қарттардың сиқы осы болса, жастарға не деп ренжиміз?» дегендей жазба қалдыруда желі қолданушылар.
Алайда оларды жақтаушылар да аз емес. «Әркім өзінше өмір сүреді, билей берсін», «Тамаша! Тойда осылай лапылдау керек» деседі бір топ.

Серіктес жаңалықтары