Сұлулық байқауының жеңімпазы зәулім ғимараттан секіріп, қаза тапты

/
Сұлулық байқауының жеңімпазы зәулім ғимараттан секіріп, қаза тапты
ашық дереккөзі
Сұлулық байқауының жеңімпазы зәулім ғимараттан секіріп, қаза тапты Америка Құрама Штаттарында 60 қабатты ғимараттан секірген «АҚШ аруы – 2019» жеңімпазы Чесли Крист көз жұмды, деп жазды turkystan.kz New York Post-қа сілтеме жасап. Қайғылы оқиға Нью-Йорк қаласындағы 42-көшесінің бойында орналасқан зәулім ғимараттардың бірінде болған. «АҚШ аруы» өзіне-өзі қол жұмсамас бұрын таңғы сағат 7.15-те Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазба жариялаған.  width= Сондай-ақ тәртіп сақшылары 32 жастағы Чесли Кристтің бөлмесінен соңғы хатын тапты. Онда ол барлық дүние-мүлкі мен қаржысын анасына қалдыратынын жазған. Алайда сұлулық байқауы жеңімпазының өз-өзіне қол жұмсау себебі белгісіз.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары