Дауыс берушілердің саны артқандықтан қосымша бюллетеньдер шығарылмақ

Дауыс берушілердің саны артқандықтан қосымша бюллетеньдер шығарылмақ

Дауыс берушілердің саны артқандықтан қосымша бюллетеньдер шығарылмақ
ашық дереккөзі
1191
Елімізде дауыс берушілер саны артуда. Бұдан алдыңғы деректермен салыстырғанда, олардың саны 159 мың-ға көбейген. Осыған орай ҚР Орталық сайлау комиссиясы бүгін қосымша бюллетеньдер шығару туралы қаулы қабылдады. Естеріңізге сала кетейік, Орталық сайлау комиссиясы 26 наурыз күні 9451 мыңнан аса сайлау бюллетенін шығару туралы шешім қабылдаған болатын. Содан бері жергілікті әкімдіктер, сайлау комиссиялары мен мүдделі мемлекеттік органдар дауыс берушілердің тізімдерін қайта нақтылаған. Бірлескен жұмыс нәтижесі бойынша сайлаушылар тізімі артқаны анықталды.
Сондықтан Орталық сайлау комиссиясы бүгін тағы дауыс беру парақшаларын шығару қажеттігін жеткізді. Сонымен ҚР Президентін сайлау үшін 9 610 мыңнан аса сайлау бюллетені таратылатын болды. Одан өзге бүгін Орталық сайлау комиссиясы шетелдік байқаушылар саны артқаны туралы мәлімдеме жасады. Соңғы деректер бойынша Қазақстандағы сайлауға 500-дей шетелдік байқаушы қатысады. Олардың 402-сі халықаралық ұйымдардан болса, қалған 98-і өзге елдердің БАҚ өкілдері. Олардың ішіндегі жақында ғана тіркелген 65 байқаушы да бар. ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов: «Осы күнге дейін бірде-бір шағым келіп түскен жоқ. Бірақ атап кету керек, 28 өтініш келіп түсті. Олардың 3/1 сайлау заңнамасын түсіндіру бойынша болса, 4-еуі ҚР Президенттігіне дауыс беруге қатысты болып отыр. Ал сайлау алдындағы үгіт жүргізу мәселелері бойынша үш өтініш келіп түсті. Осы ретте сайлау туралы заң бойынша түсіндіру жұмістары жүріп жатыр»,-дейді.

Серіктес жаңалықтары