Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

/
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлады turkystan.kz. Нұр-Сұлтан қаласын кей уақыттарда тұман басады. Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, түнде облыстың солтүстігінде тұман болжанады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады. Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары