Атасына алма берген жігіт желідегілерді жылатты (ВИДЕО)

Атасына алма берген жігіт желідегілерді жылатты (ВИДЕО)

Атасына алма берген жігіт желідегілерді жылатты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

Әлеуметтік желіде тоқсаннан асқан қарияға алма ұсынған жігіт интернет қолданушыларының ыстық ықыласына бөленді, деп жазды turkystan.kz. 94 жастағы атасына жұмсартып жеміс жегізген жігіттің видеосы инстаграм желісіне жүктелген. Жас жігіттің қарттың немересі екені жазылған. Дастарқан басында отырған ата мен немеренің видеосы көпшіліктің жүрегін елжіретсе керек, пікір жазып жатқандар көп. Олар «Жүректі ауырттыңыз ғой»,  «Әкелеріңді осылай аялаңдар», «Жаным-ау, бала сияқты қолына қарап қояды», «Түүу, қандай керемет» деп пікір білдірген.

Енді бірі «Біздің атамыз көкірек» деп мұңын шаққан.