Ангела Меркель төртінші мерзімге сайлауға түседі

Ангела Меркель төртінші мерзімге сайлауға түседі

Ангела Меркель төртінші мерзімге сайлауға түседі
ашық дереккөзі
198
Ангела Меркель Германия канцлері лауазымына төртінші мерзімге сайлауға түсетін болды. Бұл туралы Меркельдің партиясы - Христиандық-демократиялық одағы (ХДО) өкілі Норберт Реттген хабарлады. ГФР-де канцлер сайлауы 2017 жылғы күзде өтеді,-деп хабарлайды РИА Новости. Норберт Реттген: «Меркель сайлауға түсуге және әлемдік либеральды тәртіпті нығайтуға  ықпал етуге дайын», деп атап өтті.  "Канцлер - басты ойыншы ретінде Батыстың саяси тұжырымдамасының тірегі. Сондықтан ол жауапты көшбасшы  ретінде сайлауға  түседі»,-деп сендірді Норберт Реттген. Ол Христиандық-демократиялық одағының бас хатшысы Петер Таубермен және парияның басқарушы директоры Клаус Шюлермен жаңа сайлау науқанына дайындық туралы талқылады.  Ангела Меркель 2005 жылы бірінші рет Германия канцлері болды. 2005, 2009 және 2013 жылдары сайлауда жеңіп шыққан.  

Серіктес жаңалықтары