176
ЭКСПО-2017 құрылысы 90 пайыз дайын
ЭКСПО-2017 құрылысы 90 пайыз дайын
ЭКСПО-2017 көрмесіне объекілерді дайындау 90%, халықаралық қатысушыларға арналған павильондар толығымен дайын. Олардың бесеуі қатысушы мемлекеттерге табысталған. Ал халықаралық қатысушыларды тарту жұмыстары бітуге таяп қалды. Бұл туралы Қазақстан-Сербия форумында «ЭКСПО-2017″ АҚ департамент директорының орынбасары Асқар Бапен айтты.
«Көрмеге дайындық 90%-ға орындалды. Халықаралық қатысушыларға арналған павильондар толығымен бітті және 31 қазанда біз оларды алғашқы бес мемлекетке: Франция, Германия, Венгрия, Түркия мен Қытайға табыстадық», — деді Аскар Бапен.
Сонымен қатар ол халықаралық қатысушылары тарту жұмыстары да бітуге жақын екенін айтты. Бүгінгі таңда 106 мемлекет пен 17 халықаралық ұйым қатысатындықтарын растады.
Қазір павильондарды толтыруға көңіл бөлініп жатыр: тақырыптық тұжырымдамаларды қарастыру, дизайн жобаларын бекіту, қатысушы мемлекеттердің павильондарының контенті. Сөз арасында Асқар Бапен Сербия Республикасына да тоқталды.
«364 шаршы метрді қамтитын Сербия павильоны С4 кластерінде орналасқан. Ол коммерциялық және ұжымдық павильондарға жақын болады. Сербия Республикасы үшін екінші қабаттағы 250 шаршы метрлік аумақ та қолжетімді», — деді спикер.