243
Елімізде сұранысқа ие көліктер тізімі
Елімізде сұранысқа ие көліктер тізімі
"ҚазАвтоӨнеркәсіп" өкілдері елімізде 2016 жылы 9 ай ішінде жеңіл көліктер мен коммерциялық көліктер нарығының жұмысын қорытындылады.
"Қазақстандықтар арасында ең көп сұранысқа ие көліктердің ішінде Lada көш бастап тұр. 2016 жылдың 9 айында республика аумағында Lada маркалы 6 578 көлік сатылған. Ал Toyotа көлігінің 6 547 данасы сатылыпты. Рейтингтегі алғашқы үштікті Renault маркалы көлік қорытындылап тұр. Елімізде мұндай маркалы 3 180 көлік сатылған. Сондай-ақ, рейтингтегі ондықта Hyundai (2 907 дана), KIA (2 650 дана), GAZ (1 757 дана), Volkswagen (1 740 дана), UAZ (1 430 дана), Nissan (1 219 дана) және Chevrolet (799 дана) көліктері бар", - делінген баспасөз релизінде.
"ҚазАвтоӨнеркәсіп" мәліметінше, елімізде 2016 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында 34 581 көлік сатылған. Сондай-ақ, 9 ай ішінде көлік сатып алуға деген сұраныстың мына қалаларда жиі кездескені айтылады: Алматы (10 484 көлік), Астана (6 086), Атырау (2 501), Карағанды (1 799), Шымкент (1 795), Өскемен (1 793), Ақтау (1 549), Қостанай (1 548), Орал (1 517) және Ақтөбе (1 315).