50462
Жалпыұлттық аза тұту күніне қатысты ұсынымдар жарияланды
Жалпыұлттық аза тұту күніне қатысты ұсынымдар жарияланды
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жалпыұлттық аза тұту күні БАҚ қызметіне және олардың интернет-ресурстарын рәсімдеуге байланысты ұсынымдарды жариялады, деп жазды turkystan.kz.
Жалпыұлттық аза тұту күнінде бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін реттеу және олардың веб-сайттарын, сондай-ақ мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын безендіру бойынша ұсынымдар
(2022 жылдың 10 қаңтары).
Жалпыұлттық аза тұту күнінде, ең алдымен, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіне және олардың интернет-ресурстарын безендіруге қатысты бірқатар шаралардың сақталуын қамтамасыз ету ұсынылады:
- Сайт парақшасының жоғарғы бөлігіне баннердің барлық ені бойынша мынадай мазмұндағы жазуды орналастыру: «2022 жылғы 10 қаңтар – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні».
- Барлық БАҚ-тарда мәйіттердің, қанның және т. б. бейнелерін қоса алғанда, арандатушылық фотосуреттер мен бейнелерді жариялауға/орналастыруға жол бермеу ұсынылады.