Тоқаев 10 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады

Тоқаев 10 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады

Тоқаев 10 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде болған қайғылы оқиғалардың салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты биылғы 10 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялау жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады turkystan.kz. Тиісті Жарлық Ақорда сайтында жарияланады.
«Террористік актілердің салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту жариялау туралы 2022 жылғы 08 қаңтар Қазақстан Республикасында жасалған террористік актілердің салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2022 жылғы 10 қаңтарда жалпыұлттық аза тұту жариялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев» делінген жаңа мәтінде.