сәрсенбі, 9 сәуір, 2025

Ішкі әуерейстерді орындауға қатысты ақпарат жарияланды

/
ашық дереккөзі
Ішкі әуерейстерді орындауға қатысты ақпарат жарияланды

Индустрия және инфрақұрылымдылық министрлігі тұрақты ішкі авиарейстерді орындауға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Министрліктің мәліметінше, 2022 жылдың 8 қаңтарында барлығы 216 рейс жоспарланған («Эйр Астана» және «Fly Arystan» - 144, SCAT – 52, Qazaq Air – 20), оның ішінде 9 рейс кешіктіріліп, 163 рейс тоқтатылған.
«Барлық қалған рейстер кестеге сәйкес орындалатын болады. Рейстердің кешігуі мен тоқтатылуының негізгі себептері – Ақтау, Талдықорған, Алматы қалаларындағы әуежайлардың жабылуы, рейске дайындалу үшін интернетпен проблемалар, сондай-ақ рейстердің кеш келуі», - делінген хабарламада.
     
Бөлісу: