Токиода ауыр атлетіміз «алтынға» ие болды

Токиода ауыр атлетіміз «алтынға» ие болды

Токиода ауыр атлетіміз «алтынға» ие болды
ашық дереккөзі
432
Жапония астанасы Токио қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында 77 келі салмақта Михаил Макеев қос сайыс қорытындысы бойынша 321 келіні еңсеріп (143+178) алтын медаль еншіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сонымен қатар осы салмақта Аманжол Серікбол (137+160) 297 келіні бағындырып, қола жүлдеге қол жеткізді. Айта кету керек, Аманжол «Б» тобында жарысқа түскен болатын. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Сыр бойының ұланы Арыстанбек Жақанша 69 келі салмақта жұлқа көтеруде - 128, серпе көтеруде 156 келі көтеріп, чемпион атанған еді.  

Серіктес жаңалықтары