50292
Еліміздегі жаппай тәртіпсіздік бойынша тергеу басталды
Еліміздегі жаппай тәртіпсіздік бойынша тергеу басталды
Елде болған жаппай тәртіпсіздікке байланысты Бас прокуратура Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша іс қозғады, деп хабарлады turkystan.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.
Оның бірі – терроризм актісін жасау. Екіншісі, жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру және қатысу. Ойран салған адамдардың нақты саны алдағы уақытта анықталып, тиісі жазасын алады.
Сондықтан Бас прокуратура азаматтардан бейнебақылау камералары мен ұялы телефондарда жазылған деректерді сақтауды сұрайды. Қазіргі таңда жедел тергеу тобы құрылды.