50262
Елімізде көпбалалы отбасылардың жәрдемақысы өсті
Елімізде көпбалалы отбасылардың жәрдемақысы өсті
Қазақстанда 2022 жылы кәмелетке толмаған төрт және одан көп баласы бар отбасыларға төленетін жәрдемақының мөлшері ұлғаяды, деп хабарлады turkystan.kz sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстанда кәмелетке толмаған 4 және одан көп немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы беріледі. Ол отбасының кірісіне қарамастан барлық көпбалалы жанұяға бала санына қарай төленеді.
2022 жылы оның мөлшері:
- 4 балаға – 16,03 АЕК немесе 49 100 теңге;
- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 61 382 теңге;
- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 73 665 теңге;
- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 85 948 теңге;