50212
Нұр-Сұлтанда коронавирустың жаңа штаммы анықталды
Нұр-Сұлтанда коронавирустың жаңа штаммы анықталды
Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясының «дельта плюс» штаммы анықталды, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді.
«Республика аумағында COVID-19 штаммы айналымына мониторинг жасау екі айда бір рет жүргізіліп отырады. Желтоқсан айының басында жүргізілген зерттеу нәтижелерінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, елордада «дельта» және «дельта плюс» штаммы айналымда жүр», - деді ол.Сонымен қатар ол нақты деректерге де тоқталып өтті.
«Бүгінде елордада «дельта» штаммы 47 пайыз, ал «дельта плюс» штаммы 41 пайыз айналымда жүргені анықталып отыр», - деді Сархат Бейсенова қала әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.