Ауыл тұрғынына қасқыр шапты

Ауыл тұрғынына қасқыр шапты

Ауыл тұрғынына қасқыр шапты
ашық дереккөзі
51466
Қостанай облысында қасқыр адамға шабуыл жасады, деп хабарлады turkystan.kz Qostanai.Media сайтына сілтеме жасап. Оқиға 24 желтоқсанда Наурызым ауданының Қарамайшы кентінде болған. Қасқыр жеке үйдің ауласына келіп, 40 жастағы ер адамға шабуыл жасаған. Ауыл тұрғындарының бірі оқыс жағдайдың алдын алып үлгеріпті. Ол айқайлаған дауысты естіп, үйден жүгіріп шығып, қасқырды балталап өлтірген. Қазір Қарамайшы тұрғыны аудандық аурухана дәрігерлерінің бақылауында. Оның денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ. Қасқырдың өлексесі облыстық орталыққа сараптамаға жіберілді.

Серіктес жаңалықтары