Мақпал Жүнісованың рөлін сомдаған актриса кешірім сұрады

Мақпал Жүнісованың рөлін сомдаған актриса кешірім сұрады

Мақпал Жүнісованың рөлін сомдаған актриса кешірім сұрады
ашық дереккөзі
51136
«Отыздан асып барамын» фильмінде Мақпал Жүнісованың рөлін сомдаған актриса Малика Қалдарбек өзінің Instagram-дағы парақшасында Халық әртісінен кешірім сұрады, деп хабарлады turkystan.kz. Еске сала кетсек, «Ирина Кайратовна» тобы түсірген ол фильмді Youtube арнасына жарияланған аз күнде 5,5 миллион адам көріп үлгерді. Онда актриса Малика Қалдарбек Халық әртісі Мақпал Жүнісованың рөлін сомдаған болатын. Бірақ әнші ол үшін өзінен ешкімнің рұқсат сұрап, алдынан өтпегеніне ренжіп, фильм авторларын жау санады. Енді міне, бұл жайттардан хабарсыз болған Малика Қалдарбектің қазір Халық әртісінен кешірім сұрауына тура келіп отыр.
«Мақпал апай – қазақтың ерке қызы. Қазақ тарихында орнын ойып алып тұрған тұлға. Ол кісінің ренжігенін естіп, көңілім босап тұр. Мен білмедім, керісінше, қазақтың біртуар қызының рөлін берді деп қуанып, актрисалық карьерамдағы ең үлкен белестердің бірі деп қабылдап едім. Сіздің білмегеніңізден хабарым жоқ еді. Айтқандарыңызға келісемін, айыпқа бұйырмаңыз. Бірақ сіздің образыңызды қолымнан келгенше ұятқа қалдырмай сомдап шығуға тырыстым. Сізге деген құрметім шексіз! Жастығым шығар, бір ауыз алдыңыздан өтпегенім», - деп ақталды жас актриса.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Malika Kaldarbek (@malika.kaldarbek)

Серіктес жаңалықтары