Мақпал Жүнісова «Ирина Кайратовна» тобына ашуланып қалды

Мақпал Жүнісова «Ирина Кайратовна» тобына ашуланып қалды

Мақпал Жүнісова «Ирина Кайратовна» тобына ашуланып қалды
ашық дереккөзі
«Ирина Кайратовна» тобының жақында ғана шыққан «Отыздан асып барамын» фильмі танымал әншінің ашуын келтірген, деп хабарлады turkystan.kz.  Бұл жайында ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.  Әнші киноға өзі түспеген. Ал фильмдегі оның образын сомдап шыққан әртіс еш рұқсат алмаған.
- Мен сіздердің алдарыңызға бір ауыз сөзбен шыққым келіп отыр. Менікі дұрыс па, олардың ісі дұрыс па? Өздеріңіз сарапқа салыңыздар. Мынау «Отыздан асып барамын» деген бір кино шыққан екен. Ол туралы мен кеше ғана естідім. Маған біреулер сілтемесін жіберді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығана орай түсірген екен. «Кинодағы рөлді ойнап жүрген кісі сізге ұқсамайды, бірақ сіз деп береді. Мақпал Жүнісова ойнайды дегендей» дейді. Біріншіден, мені ешкім киноға шақырған жоқ. Екіншіден, алдымнан ешкім өткен жоқ. Үшіншіден, мен әлі тірімін. «Өмірдің көбі кетіп, азы қалды» деген әнді менің даусыммен басқа біреуге айтқызыпты. Мен жанды дауыспен айтқанмын. Ол болса,  фонограммамен айтып тұр. Ол да ұятсыз қыз екен. Апам әлі тірі ғой, өзі неге айтпайды деп, алдымнан өтпей пе? Сондықтан соттасып жүруге уақытым жоқ. Бірақ, ол жердегі адам мен емеспін, - деді әнші.
Мақпал Жүнісова өзінің түр-келбетін көрермендер алдында ерсі көрсеткен деп шағымданып отыр.
- Не де болса, бұл менің жауларымның ісі деп ойлаймын. Мені осылай жаман қылып көрсеткісі келген ғой. Бір Аллаға тапсырдым! Кім түсірсе де бұл дұрыс емес. Мен әлі Жер бетінде бармын. Құрметті ағайын, сенбеңіздер, ол жерде ойнап тұрған мен емес. Мен олай боянбаймын, - деді ол.