Елімізде жынысын ауыстыруға қызығатындар саны күрт көбейген (ВИДЕО)

Елімізде жынысын ауыстыруға қызығатындар саны күрт көбейген (ВИДЕО)

Елімізде жынысын ауыстыруға қызығатындар саны күрт көбейген (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50285
Әлеуметтік желілерде "жынысын ауыстырам" деп жар салып жүргендер жиілеп кетті. Дәрігерлер де соңғы 3 жылда ниеттілер көбейгенін растайды, деп хабарлады turkystan.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап. Өзін Сая деп таныстырған жігіт, камераға түскісі келмейтінін ашық айтты. Бірақ проблемасымен бөлісуге қарсы емес. Айтуынша, бұл жолға келуге үйдегі психологиялық қысым әсер еткен. Туған әкесі, "ес білгелі күнде ұратын", - дейді. Сондағысы "нағыз еркек болсын" деп төмпештейтін көрінеді. Сол үшін оның аузынан шыққан осы сөзді жек көре бастапты. Кейін мектепте де ұлдар арасындағы төбелес, менің өмірлік ұстаныма әсер етті деп отыр. Осылайша "нағыз еркек" болудан бас тартқан.
«Әкемнен қорлық көрдім. Әкем алқаш. Уже мені ешқайда жұмысқа алмайды. Потом осындай нәрсеге шығуыма тура келді. Еркек болса деп қақ төбемнен ұра беретін. Қайдан еркек болам мен? Шешем қансырап таяқ жесе, көзімше. Қалай еркек болам? Мектепке барсам, балалар ұрады», - дейді Сая.
Сая бұл шешіміне еш өкінбейтінін қосты. Өйткені қазір ақша табудың көзіне айналдырыпты. Арнайы сайттар арқылы өзіне сұраныстың аз емес екенін жасырмайды. Айтқаны рас болып шықты. Арнайы сайтқа біз де кіріп көрдік. Онда қызтекелерге сұраныстың көптігі соншалық, тіпті түрлі қалалар мен елдерден арнайы шақыртулар да түсетінін білдік.
«Я вообще в Москве живу, но сейчас нахожусь в Казахстане», - дейді сайт тұтынушысы.
Андролог дәрігер соңғы 2-3 жылда жынысын ауыстыруға қызығатындар көбейгенін мойындайды. Осы тұрғыда кеңес сұрап келетіндер көбейген. Маманның айтуынша, егер ер балада эстероген гормоны көбейсе, олар гендерлік өзгеріске ұшырайды. Ал, мұны дәрігер емдеуге болады дейді. Ол үшін жетіліп келе жатқан жеткіншектің қылығына ата-ана зер салып отыруға кеңес береді.
«Көбінесе телефон арқылы, бірақ өздерінің ауыстырғысы келіп жүргендерін айтып жатыр. Көбінесе ватсапқа жазады. Қандай да бір өзгерістер болса, тезірек тексерткен дұрыс», - дейді дәрігер-андролог Ернұр Исабекұлы.
Психологтардың пайымынша, ер азаматтардың бұл жолға түсуіне әйелдердің өзіне тым сенімділігі себеп. Бұған сарапшылар да қосылады. Олардың саралауынша, отбасында анасы баласының көзінше әкесін жоғары бағалап, құрмет көрсеткені абзал. Сонда ғана ер бала әкеге еліктейді. Оған қоса, әйелдердің үйдегі және тыстағы бар жауапкершілікті өзіне алуы да бала тәрбиесі үшін өте үлкен қателік дейді.
«Қыз келіншектеріміз өз-өзіне тым сенімді. Үйде ер адам рөлі төмендеп қалды. Көбінесе қыздардың қателігі. Солай балалар зардап шегіп отыр. Өйткені әкенің рөлін азайтып тастадық. Тағы бір себеп, танымалдыққа тез жету. Әлеуметтік желіде ашық жарияланып жатқан қызтекелерді көріп, осылай танымал болсам деген теріс ойлар да қалыптасатын көрінеді», - дейді психолог Жаңагүл Тұрманова. «Кез келген адам, жалпы қоғамдық санадағы бір ерекшелік, ол - теледидар, әлеуметтік желідегі неғұрлым көп жарыққа шыққан дүние үлгі деп есептелінеді», - деді әлеуметтанушы Рамазан Саттарұлы.
Мамандардың қай-қайсысы болса да, мұндай жағдайлар ең алдымен отбасында қалыптасады деген ой түйді. Сондықтан бесіктен белі шықпағандардың тәрбиесі ата-ана тарапынан үнемі қадағалауда болуы тиіс. Шыны керек, ошақ басындағы тәрбие бүгінде ақсап тұр. Ер адамның рөлінен бөлек, толық емес отбасылар да көбейіп кеткен.

Серіктес жаңалықтары