Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бұйрығымен Амангелді Ғазезұлы Саинов ҚР СІМ Аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz. Амангелді Саинов 1975 жылы 6 сәуірде Ақмола облысында дүниеге келген. 1997 жылы С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін бітірген. 1997-2002 жылдары «Астана-Аудит» Орталық аудиторлық компаниядағы аудитордың көмекшісі, бас бухгалтер, директордың орынбасары; 2002 жылы Қазақстан Республикасы СІМ Валюта-қаржы департаментінің жетекші маманы; 2002-2008 жылдары Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы елшілігінің аға бухгалтері; 2008-2012 жылдары Қазақстан Республикасы СІМ Бюджеттік жоспарлау және талдау басқармасының бас маманы, басшысы; 2012-2015 жылдары Қазақстан Республикасы СІМ Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары; 2015-2017 жылдары Қазақстан Республикасы СІМ Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаментінің директоры; 2017-2021 жылдары Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінің Бонн қаласындағы бөлімшесінің кеңесшісі; 2021 жылғы ақпан айынан бастап желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы СІМ Қамтамасыз ету және құжат айналымы департаментінің директоры; 2021 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі аппаратының басшысы.
Жүктелуде...