Коронавирус пандемиясының қашан аяқталатыны белгілі болды

Коронавирус пандемиясының қашан аяқталатыны белгілі болды

Коронавирус пандемиясының қашан аяқталатыны белгілі болды
ашық дереккөзі
50208
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирус пандемиясына қатысты өткен брифингте пандемия келер жылы аяқталуы мүмкін деген болжам жасады, деп хабарлайды turkystan.kz  zakon.kz-ке сілтеме жасап. Тедрос қазіргі "омикрон" штаммының алдыңғы "дельта" штаммына қарағанда «айтарлықтай жылдам таралатынын» айта келе, әлемдегі барлық мемлекеттер халқының 70 пайызы вакцина салдырса, пандемия 2022 жылы аяқталуы мүмкін екенін айтты. ДДСҰ басшысы "омикронды" "жеңіл өтетін штамм" деген бастапқы тұжырымға алданбай, оның қаншалықты қауіпті екенін ұмытпауға шақырды. Сондай-ақ ол мереке қарсаңында індеттің жедел таралатынын айта келе, қазірше жиын-тойдан, мерекеден бас тартуға шақырды.
«Қазір тойлап, кейін қайғырғанша, қазір бас тартып, кейінірек тойлаған дұрыс», - деді  Тедрос Адханом Гебрейесус.
Аталған штаммның кең таралуы себепті Франция, Германия, Нидерланды, Жаңа Зеландия мереке қарсаңында саяхаттауға шектеу қойып, туристер қабылдаудан бас тартып отыр.
«Бәріміз осы індетпен ауырып жатырмыз. Барлығымыз достарымызбен және отбасымызбен кездескіміз келеді. Барлығымыз қалыпты жағдайға оралуды қалаймыз. Халқын індеттен қорғау үшін көшбасшылар мен жеке тұлғаларға мерекелерден бас тартып немесе оны кейінге қалдыру сияқты қиын шешімдер қабылдауға тура келіп тұр», - деді  Тедрос Адханом Гебрейесус.
АҚШ-тың жұқпалы аурулар жөніндегі жетекші сарапшысы, доктор Энтони Фауки Рождестволық саяхат "омикронның" басқасын айтпағанда, толық вакцинацияланғандар арасында да таралуын арттыратынын ескертті. АҚШ-та да қазір коронавирустың "омикрон" штаммы жылдам таралып жатыр. Ол жаңа инфекциялардың 73%-ын құрады. Бүгін АҚШ президенті Джо Байден осы мәселеге қатысты мәлімдеме жасамақ, дегенмен елді толықтай жабу жоспарланбаған.

Серіктес жаңалықтары